Все сервисы
Zanger
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 227 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қажет болған жағдайда балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарын, оның ішінде бейімделген дене шынықтыру мен спортты құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
9) қажет болған жағдайда халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын және спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының спорттық ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды»;
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
11, 12, 28-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
«12. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі.»;
Демо – версия документа