Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 5-ж/қ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Агенттіктің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Ж. Элиманов |
ҚазақстанРеспубликасының
Қаржылық мониторинг агенттігінің
төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы
№ 5-ж/қ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің
экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын
біліктілік талаптары
| Санат | Лауазымның атауы | Біліміне қойылатын талаптар | Өтілге қойылатын талаптар | Тәжірибелік біліктілік | Денсаулық жағдайына қарай талаптары |
| 1. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің орталық аппаратының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары | |||||
Редакция документа
Демо – версия документа