Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1995 ж. 2 қарашадағы № 2592 (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Жалпыхалықтық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1995 ж. 2 қарашадағы № 2592 (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жалпыхалықтық референдум туралы

1995 ж. 2 қарашадағы № 2592 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен бүкіл мәтін бойынша:

«республикалық референдумды», «Республикалық референдум», «Республикалық референдумды», «Республикалық референдумға», «республикалық референдумға», «республикалық референдум», «Республикалық референдумның», «республикалық референдумның» деген сөздер тиісінше «жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумның», «жалпыхалықтық референдумның» деген сөздермен ауыстырылды, «Республиканың», «Республика Конституциясын», «Республика қызметінің», «Республика Президенті», «Республика Президентінің», «Республика азаматтарының», «Республика азаматтарында», «Республика Президентіне», «Республика Жоғарғы Сотына», «Республика бойынша», «Республика Конституциясына», «Республика Конституциясының», «Республика азаматының» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының Конституциясын», «Қазақстан Республикасы қызметінің», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасының азаматтарында», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының Конституциясына», «Қазақстан Республикасы Конституциясының», «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздермен ауыстырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

I тарау Жалпы ережелер

1-бап. Жалпыхалықтық референдум ұғымы

2-бап. Жалпыхалықтық референдум талқысына қойылатын мәселелер

3-бап. Жалпыхалықтық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер

4-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізудiң принциптерi

5-бап. Жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы

6-бап. Жалпыхалықтық референдум ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі жариялылық

7-бап. Жалпыхалықтық референдум қарсағындағы үгiт

7-1-бап. Қоғамдық пікірге сауал салу

8-бап. Жалпыхалықтық референдумды қамтамасыз ету

9-бап. Жалпыхалықтық референдум туралы заңдар

II тарау Жалпыхалықтық референдум тағайындау және әзiрлеу

10-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау құқығы

11-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау жөніндегі бастамашылық

12-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау жөніндегі мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы

13-бап. Референдумның бастамашыл тобы мен ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу

14-бап. Қол жинаудың тәртібі мен мерзiмi

15-бап. Қол жинау тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

16-бап. Қол жинаудың нәтижелерi бойынша қол қою парақтары мен қорытынды хаттаманы жiберу

17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылық жөнiнде шешiм қабылдау

18-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешiм

19-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізу мерзiмi

20-бап. Жалпыхалықтық референдум комиссиясы

21-бап. Орталық референдум комиссиясының өкiлеттiктерi

22-бап. Аумақтық референдум комиссияларының өкiлеттiктерi

23-бап. Учаскелiк референдум комиссияларының өкiлеттiктерi

24-бап. Референдум комиссияларының қызмет жағдайларын қамтамасыз ету

III тарау Жалпыхалықтық референдумды өткізу тәртібі

25-бап. Жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi

26-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізу кезiнде дауыс беру уақыты мен оның орны туралы хабарлау

27-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізу кезiнде дауыс беруге арналған бюллетень

28-бап. Жалпыхалықтық референдумның қорытындыларын шығару кезіндегі жарамсыз бюллетеньдер

29-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізу кезiнде дауыс беру

30-бап. Дауысты санау және жалпыхалықтық референдум нәтижелерiн анықтау

31-бап. Жалпыхалықтық референдумның қорытындыларын шығару

31-1-бап. Референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

32-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының қарауы

33-бап. Жалпыхалықтық референдумның қорытындыларын жариялау

IV тарау Қорытынды ережелер

34-бап. Жалпыхалықтық референдум қабылдаған шешiмдердiң күшiне енуi

35-бап. Жалпыхалықтық референдум қабылдаған шешiмдердiң заң күшi және міндеттілігi

36-бап. Жалпыхалықтық референдум туралы заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

37-бап. Осы Конституциялық заңды күшiне енгізу тәртібі

 

 

 

06.05.99 ж. № 376-1 ҚР Конституциялық Заңымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді

 

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жалпыхалықтық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.

I тарау

Жалпы ережелер

1-бап. Жалпыхалықтық референдум ұғымы

1. Жалпыхалықтық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.

2. Референдум Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өткiзiледi.

2-бап. Жалпыхалықтық референдум талқысына қойылатын мәселелер

Референдумның талқысына:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.

3-бап. Жалпыхалықтық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер

Мыналар:

1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.05. № 119-VII ҚР Конституциялық заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мемлекеттің Егемендігін, Тәуелсіздігін, Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидаттарын, Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды деген ережені өзгерту;

3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының;

4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;

5) бюджет пен салық саясаты;

6) рақымшылық пен кешiрiм жасау;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының Президентінің, Құрылтайы мен Үкіметінiң қарауына жататын адамдарды лауазымға тағайындау және сайлау, лауазымынан босату;

8) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелерiн орындау мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды.

 

4-бап. Жалпыхалықтық референдум өткізудiң принциптерi

Референдум өткізу:

1) азаматтардың референдумға өз ықтиярымен қатысуы және еркiн ашық бiлдiруi;

2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы;

3) жариялылық принциптерiне негiзделедi.

5-бап. Жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады.

2. Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады.

3. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады.

6-бап. Жалпыхалықтық референдум ұйымдастыру мен өткізу кезіндегі жариялылық

1. Референдумды ұйымдастыру мен өткізу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.

2. Референдумды өткізу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.

3. Референдум комиссиялары референдум өткізудi ұйымдастыру жөніндегі өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Референдум өткізу кезінде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді.

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға дайындық пен оны өткізу барысын жария етіп отырады, олардың өкілдерінің референдум өткізуге байланысты іс-шараларға баруына кепілдік беріледі.

Сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес реттеледі.

 

7-бап. Жалпыхалықтық референдум қарсағындағы үгiт

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерiнiң референдумға қойылған мәселе (мәселелер) бойынша жиналыстарда, митингiлерде, азаматтар жиынында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пiкiрiн бiлдiру құқығына кепiлдiк берiледi.

2. Барлық баспа үгiт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс. Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

3. Республикалық конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамашылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге жол берiлмейдi.

4. Референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады. Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.

 

2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1-бап. Қоғамдық пікірге сауал салу

Жалпыхалықтық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.

 

8-бап. Жалпыхалықтық референдумды қамтамасыз ету

1. Референдум әзiрлеу мен өткізуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебiнен жұмсалады.

2. Мемлекеттік органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан ұйымдар референдум комиссияларының қарамағына референдум әзiрлеу мен өткізу үшiн қажет үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын бередi.

3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердiң, шетел мемлекеттік органдарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың референдумға қатысты шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге тiкелей немесе жанама түрде қандай да болсын қатысуына тыйым салынады.

9-бап. Жалпыхалықтық референдум туралы заңдар

Референдум туралы заңдарға мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Осы Конституциялық заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы;

3) осы Конституциялық заң:

4) Орталық референдум комиссиясының нормативтiк сипаты бар актілері.

II тарау

Жалпыхалықтық референдум тағайындау және әзiрлеу

 

10-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау құқығы

Референдум тағайындау құқығы Қазақстан Республикасының президентiнде болады.

 

11-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау жөніндегі бастамашылық

1. Референдум тағайындау бастамашылығы:

1) Қазақстан Республикасының Президентiнде;

2008 ж. 4 мамырдағы ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының Құрылтайына тиесілі, ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Бастама көтеру Құрылтайдың отырысында жүзеге асырылады және Құрылтайдың тиісті қаулысымен ресімделеді;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының Үкіметінде болады, ол референдум тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында бастама көтереді. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжілісiнде мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі, ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Бастама көтеру Қазақстан Халық Кеңесі сессиясының отырысында жүзеге асырылады және Қазақстан Халық Кеңесінің тиісті шешімімен ресімделеді;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) сан жағынан Қазақстан Республикасының астанасын, барлық облыстарды және республикалық маңызы бар қалаларды тең мөлшерде бiлдiретiн жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар екi жүз мыңнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтарында болады, жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентiне тiлек бiлдiредi.

2. Бiр ғана мәселе (бiр ғана мәселелер) бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстар қайтара енгiзiлуi мүмкiн және оларды Республика Президентi аталған мәселе (аталған мәселелер) жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң ғана қайтадан қарайды.

12-бап. Жалпыхалықтық референдум тағайындау жөніндегі мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер референдум өткізу туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан Республикасының астанасынан, әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде үш-үштен өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы құрылады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бiрақ Қазақстан Республикасының астанасынан, әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде отыз-отыздан өкiлдер қатысқан жиналыста құрылады.

3. Жиналыс өткізуден кемiнде он күн бұрын оның бастамашылары аумағында жиналыс өткiзiлетiн жергiлiктi атқарушы органға жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жазбаша хабарлауға тиiс.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жиналыстың алдында жиналысқа қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi, олардың мiндеттi түрде тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жерi және Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi көрсетiлген тiзiм жасалады.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Референдумның бастамашылар тобының мүшелерi жиналысқа қатысушылардың көпшiлiк даусымен сайланады. Бастамашыл топтың тiзiмiнде топтың әр мүшесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және тұрғылықты жерi көрсетiледi. Референдумға қойылатын сауалды оған тиянақты жауап қайтарылуы үшiн бастамашыл топ айқын тұжырымдауға тиiс.

13-бап. Референдумның бастамашыл тобы мен ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу

1. Референдумның бастамашыл тобы Орталық сайлау комиссиясына топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеудi сұрап өтiнiш бередi.

2. Тiркеу мынадай құжаттар болғанда жүргiзiледi:

1) топты тiркеу және ол референдумға ұсынатын мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы өтiнiш;

2) бастамашыл топ құрылған жиналыстың хаттамасы;

3) бастамашыл топ мүшелерiнiң тiзiмi.

3. Бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) Орталық сайлау комиссиясы тiркеуге өтiнiш берiлген күннен бастап он күн мерзiмде тiркейдi. Бұл жайындағы хабарды Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

4. Референдумның бастамашыл тобына тiркелген күннен бастап бес күн мерзiмде топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiк берiледi. Тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.

5. Осы Конституциялық заңның талаптары бұзылған жағдайларда тiркеуден бас тартылуы мүмкiн. Орталық сайлау комиссиясының бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеуден бас тартуына он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасалуы мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiмде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

14-бап. Қол жинаудың тәртібі мен мерзiмi

1. Референдум бастамашыл тобы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәліктi алған күннен бастап азаматтардың қолын жинауды ұйымдастырады әрi мұны жалпыхалықтық референдумға қатысу құқығы бар топ мүшелерi жүзеге асырады.

2. Референдумның бастамашыл тобына қол қою парақтарын берудi Орталық сайлау комиссиясы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктi тапсыра отырып бiр мезгiлде жүзеге асырады.

3. Қол қою парағына бастамашыл топ референдумға ұсынған мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасы енгiзiледi.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қол жинайтын адам бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетедi. Әрбiр азамат қол қою парағына тек бiр рет қана қолын қоюға хақылы. Бұл ретте азамат жеке басын куәландыратын құжатын көрсетедi. Азаматтың қолы оның тегiн, атын, әкесiнiң атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жерiн, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн және параққа қол қойылған күндi көрсетумен толықтырылады.

5. Толтырылған әрбiр қол қою парағына қол жинаған адам қолына қоюға тиiс.

6. Белгiленбеген үлгiдегi қол қою парақтары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның өзге де талаптары бұзылып толтырылған қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Қол жинау аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде толтырылған қол қою парақтарын қол жинаған адамдар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырады, ол құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін қатыстыра отырып он күн мерзiмде қол қою парақтарындағы азаматтардың қолының дұрыстығын тексередi, тиiстi хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.

 

15-бап. Қол жинау тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

1. Расталмаған қолдар, қол жинау және қол қою парақтарын ресiмдеу тәртібінiң бұзылғаны анықталған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Орталық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс енгiзедi.

2. Орталық сайлау комиссиясы ұсыныс енгiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде жөнсiздiкке жол берген бастамашыл топ мүшелерiнiң қызметiне тоқтату туралы, осы Конституциялық заң талаптарының бұзылғаны анықталған қол қою парақтарын жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдай алады.

3. Қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылданған бастамашыл топ мүшелерiн осы референдумды әзiрлеу және өткізу кезеңiнде қайта сайлауға жол берiлмейдi.

4. Бастамашыл топ қол жинау және қол қою парақтарын ресiмдеу тәртібін қайталап бұзған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы референдумның бастамашыл тобының қызметiн тоқтату және оны тiркеу туралы куәліктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдай алады.

16-бап. Қол жинаудың нәтижелерi бойынша қол қою парақтары мен қорытынды хаттаманы жiберу

1. Қол жинау жүзеге асырған адамдар толтырылған және тиiстi аумақтық сайлау комиссиясында тексеруден өткен қол қою парақтарын референдумның бастамашыл тобына жiбередi. Бастамашыл топ қол жинаудың нәтижелерi туралы жиынтық деректердi түзедi және қол жинау аяқталған күннен бастап он күннен кешiктiрмей толтырылған қол қою парақтары мен жиынтық деректердi Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.

2. Орталық сайлау комиссиясы табыс етiлген қол қою парақтары осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келген ретте қол жинаудың нәтижелерiн қорытынды хаттамаға енгiзедi. Референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинаудың нәтижелерi жайындағы қорытынды хаттамамен бiрге референдумның бастамашыл тобынан құжаттарды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне жiберiледi.

3. Қол қою парақтары мен қол жинаудың нәтижелерi жөніндегі қорытынды хаттамаларды сақтаудың тәртібі мен мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 17-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастамашылық жөнiнде шешiм қабылдау

Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) референдум өткізу туралы;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) референдум өткізбей, оның талқысына ұсынылатын мәселе (мәселелер) бойынша конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы;

3) референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

1-1. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!