«Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы № 332 қаулысы (2005.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың есеп беру
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 қарашадағы № 332 қаулысы

(2005.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.02. № 43 Қаулысымен күші жойылды

 

"Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың есеп беру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енеді.

3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын және оны қабылдауға байланысты өзге де шараларды қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компанияларға жiберсiн.

4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау

жөніндегі агенттігі Басқармасының

2004 жылғы 27 қарашадағы

№ 332 қаулысымен бекітілген

 

Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық

компаниялардың есеп беру ережесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.