«Бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 177 қаулысы (2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тәртібі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 177 қаулысы

(2008.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы № 49 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.30.04 № 44 Қаулысымен атауы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.30.04 № 44 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - брокерлер-дилерлер) жыл сайын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мыналар кіретін шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті берсін:

1) 1-нысан бойынша жасалған, шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс) (осы қаулының 1-қосымшасы);

2) 2-нысан бойынша жасалған, пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 2-қосымшасы);

3) 3-нысан бойынша жасалған, ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 3-қосымшасы);

4) 4-нысан бойынша жасалған, капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы қаулының 4-қосымшасы);

5) толтырылуы жөнінде осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес жасалған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.