«Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 19 қарашадағы № 266-ө бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 19 қарашадағы № 266-ө бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 24  шілдедегі № 174-ө бұйрығымен  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының "Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Заңының 29-бабының 2-тармағы орындалу үшiн БҰЙЫРАМЫН:

1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актiлер жасау және беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Министр

Г. Карагусова

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау Министрінің

2004 жылғы 19 қарашадағы

№ 266-ө бұйрығымен бекітілген

 

Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек

қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз

ету саласындағы актілерін жасау және беру

Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Ереже мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында белгіленген (анықталған) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға құқықтық әсер ету шаралары болып табылады.

3. Анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға қарай мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актілерді:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.