Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитетінің 2004 жылғы 18 қазандағы № 216 бұйрығы

“Еріксіз ұсталатын жыртқыш  құстарды тіркеудің нұсқаулығын  бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық комитетінің
2004 жылғы 18 қазандағы № 216 бұйрығы

 

Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің нұсқаулығы бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Н.А. Хадыркеевке жүктелсін.

  

 Комитет  Төрағасы

Е. Келемсейіт

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық комитетінің 

2004 жылғы 18 қазан

№ 216 бұйрығына қосымша

 

Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің

Нұсқаулығы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің осы нұсқаулығы (бұдан әрі -Нұсқаулық) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында еріксіз ұсталатын жыртқыш құстарды тіркеудің тәртібін айқындайды.

2. Жыртқыш құстар (Falconiformes отряды) мен жапалақ (Strigiformes отряды) отрядына қатысты  құстардың түрлері жыртқыш құстар деп танылады.

3. Жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алған жеке және заңды тұлғалар жыртқыш құстардың иелері деп танылады.

4. Қазақстан Республикасының аумағында еріксіз ұсталатын жыртқыш құстар (үш айға дейінгі мерзімге уақытша әкелінгендері мен қысқа мерзімді ұстауда болғадарынан басқа) орман және аңшылық шаруашылығының облыстық аумақтық басқармасында (бұдан әрі - Аумақтық басқарма) есепке алынуға және тіркелуге тиіс.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.