“Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және
жабудың ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 447 бұйрығы
(2006.28.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 100 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61, 90-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Дунаев |
Қаржы министрінің
2004 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 447 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
кейбір күшін жойған бұйрықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың және жабудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 25 мамырдағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылғы 23 маусымда № 817 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 1999 ж., № 10).
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 1999 жылғы 25 мамырдағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 21 ақпанда № 1063 болып тіркелді).