Мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 125 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 175 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы стипендиялар тағайындалсын.
2. «Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарындағы бәсiрелiк стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 27 тамыздағы № 743 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 34, 389-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Үкіметінің
2005 жылғы 10 ақпандағы
№ 125 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік атаулы стипендиялардың тізбесі