«Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 461 бұйрығы (2006.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

“Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну
ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 461 бұйрығы

(2006.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2008.30.12. № 644 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121 және 122-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі бекітілсін.

2. Есептілік және статистика департаменті (Л.И.Парусимова) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2439 болып тіркелген "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептерді жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 282 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2004 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 461 бұйрығымен бекітілген

 

Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек

туралы есептерді жасау және ұсыну ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 121 және 122-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің дебиторлық берешек туралы есептердің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін және жасалу мен беру тәртібін анықтайды.

2. Осы Ережеде дебиторлық берешек туралы есептердің мынадай:

бюджет қаражаттары есебінен қалыптасқан мемлекеттік мекеме мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің дебиторлық берешегі туралы есеп жасалатын ДБ-Б (осы Ережеге 1-қосымша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.