ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен бекітілді
Мүйізді ірі қараның тейлериозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық
ережелері
Осы Мүйізді ірі қараның тейлериозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері (кейін - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ереже
1. Тейлериоз - пигментсіз қан паразиттерімен шақырылатын және жіті түрде өтетін қанда паразитарлық тіршілік ететін мүйізді ірі қара малының ауруы. Қатты жүдеумен және жоғары өліммен сиппатталады.
Тейлериоз қоздырушысының тасымалдаушысы жайылымдарда, мал қораларында жүретін кенелер болып табылады. Белгілі бір кезеңдерде кенелер малдардың үстінде паразиттік өмір сүреді.
2. Эпизоотологиялық мәліметтерді, клиникалық белгілерді, патологоанатомиялық өзгерістерді және лабораториялық зерттеулерді ескере отырып диагноз қояды. Тірі кезінде тейлериозға диагноз қою үшін аурудың алғашқы күндерінде гранатты денелерді анықтау үшін лимфа түйіндерінің пунктаталарынан алынған жұғындыларды зерттеу ұсынылады. Дене қызуының көтерілуінің 3-4 күндерінде және содан кейін қаннан жұғынды дайындайды және эритроциттерде тейлерийлардың бар-жоғын тексереді. Ауруды ерте балау үшін қанның сары суына серологиялық зерттеу жүргізеді.
3. Мүйізді ірі қараның тейлериозбен ауруының алдын-алу мақсатында ұйымдастыру-шаруашылық және емдік-алдын алу шараларының кешенін жүргізу қажет.
4. Шаруашылық субъектілерінің басшылары аурудың тасымалдаушылары - кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайда малдарды ұстау қажет, ол үшін:
1) ауруға бейім малдарды кенелерден таза қораларда ұсталуын қамтамасыз етеді;