Малдардың жұқпалы ауруларының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 36 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) мүйізді ірі қараның тейлериозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері;
2) жылқының нутталиозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді.
Министр | С. А. Үмбетов |
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы
№ 36 бұйрығымен бекітілді
Жылқының нутталлиозының
алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық
ережелері
Осы Жылқының нутталлиозының алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелері (кейін - Ветеринариялық ережелер) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.