Жануарлардың пироплазмозы алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ереже (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753

бұйрығымен бекітілген

 

Жануарлардың пироплазмозы алдын алу және жою
туралы Ветеринариялық ереже

 

Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жүрек жұмысының зақымдануымен, күйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, өнім беруі және жұмыс істеу қабілетінің төмендеуімен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглабинуриямен, өліммен ерекшеленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру.

2. Аурудың қоздырушысы Piroplasma тұқымдастығына Babesiidae туыстығына Piroplaіsma отрядының Protozoa типіне жататын қарапайым бір клеткалы организм.

Пироплазмозбен барлық үй жануарларының түрлері (ірі қара мал, түйе, ешкі және қой, жылқы, шошқа, ит) және жабайы жануарлар ауырады. Қоздырушысы: ірі қара малда - Piroplasma bigeminum, жылқыда - Piroplasma caballi, қой мен ешкіде - Piroplasma ovis, шошқада - Piroplasma trautmanni және итте - Piroplasma canis.

Ауру, ірі қара малда, қой мен ешкіде жиі бабизиозбен, ал жылқыда - нутталиозбен аралас инвазия түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.