«Жануарлардың және балықтың ауруларының алдын алу және жою туралы ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753 Бұйрығы (күші жойылды)

Жануарлардың және балықтың ауруларының алдын алу және жою туралыветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілгендер бекітілсін:

1) Жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі;

2) Жануарлардың пироплазмозын алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі;

3) Тұқы балықтың тілме ауруының алдын алу және жою туралы Ветеринариялық ережесі.

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық Астана және Алматы қалалары аумақтық басқармалары Ветеринария департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

 

С.А. Үмбетов

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 753

бұйрығымен бекітілген

 

Жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою

туралы Ветеринариялық ереже

 

Осы Ветеринариялық ережелер жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою шараларының (әрі қарай - Ережелер) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы шаралар

 

1. Аусыл - жұқпалы, жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруы, қоздырғыштары О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3, Азия-1 типтерінің бір немесе бірнеше варианттары.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.