Жылқылардың киеңкі ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №67 бұйрығымен бекітілген ) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылық министрінің

2005 жылғы 24 қаңтардағы

№ 67 бұйрығымен бекітілген

 

Жылқылардың киеңкі ауруының алдын-алу және жою шараларды
жүргізудің ветеринариялық ережесі

 

Осы жылқылардың киеңкі ауруының алдын-алу және жою шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Киеңкі ауруымен жылқы, есек және олардың будандары ауырады. Індет созылмалы түрде өтеді, қоздырады қан тоғышары - трипаназома және негізінен қоздырушы шағылысқанда беріледі.

2. Қоздырушы - Trjpanasome eguіperdum, айғырдың кілегейлі қабығының қамшысына немесе биелердің қынабынан түсіп көбейеді осы жерде алғашқы жергілікті қабыну бұғылыстарды қоздырады, ауруға сәйкес тері зақымданады, дененің кейбір бөлшектері сау мен салдануға ұшырайды себебі орталық жүйке жүйесінде қабыну үрдістер дамиды. Қоздырушының өсіп-өнуіне ыңғайлы орын зәр шығару және жынысты мүшелердің кілегейлі қабықтарының қан тамырлары осы жерде оларды тез табуға болады, перифериялық қан мен салыстырғанда осы белгімен осы індет су аурудан ажыратылады.

3. Жасырын кезеңі әдетте 2-3 айға тән. Аурудың айқын белгі ағыны үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең - ісіну кезеңі. Екінші кезең - тері бұғылыстар кезеңі. Үшінші кезең - салдану кезеңі. Бірақ жылқылар киеңкі індетпен белгісіз түрде ауырады; көп жануарларда кейбір сәл көрінетін аурудың белгілері байқалынады. Олардың індетпен шалдығуын қанды зерттеп комплементті байланыстыру реакциясы арқылы анықтайды.

4. Киеңкі індеті асыл тұқымды шаруашылық субъектілерге салмақты экономикалық зиян тигізеді, себебі өндірушілер ұзақ уақыт (бір жылға дейін) шағылыстан және іш тастануынан аластатылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.