Жылқылардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 67 бұйрығы (күші жойылды)

Жылқылардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы №  67 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілгендер бекітілсін:

1) жылқылардың эпизоотикалық лимфангитін алдын-алу және жою  бойынша ветеринариялық ережелерді;

2) жылқылардың киеңкі ауруын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді.

2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

С. Умбетов

 

Қазақстан Республикасы Ауыл

шаруашылық министрінің

2005 жылғы 24 қаңтардағы

№ 67 бұйрығымен бекітілген

 

Жылқылардың эпизоотикалық індетті лимфангитінің
алдын-алу және жою шараларын жүргізудің
ветеринариялық ережесі

 

Осы жылқылардың індетті лимфангитінің алдын-алу және жою шараларын жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін анықтайды.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Індетті лимфангит Lymphangіtіs epіzootіca - созылмалы түрде өтетін, терінің сөл тамырлары мен тері асты шелінің қабынып, іріңді жараға айналуымен ерекшеленетін жылқы, есек, қашар, түйе, жылқы тектес жануарлардың жұқпалы ауруы.

2. Ауру қоздырғышы - (Cryptococcus farcіmіnosus) саңырауқұлақ. Криптококк - іріңдеген тері мен сөл тамырларында сопақша келген денешіктер түрінде кездесіп оның көлемі: ұзындығы 3-5 микрометр, ені 2,0-3,5 микрометр, айқын білінетін қос бейнелі қабықты болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.