Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң
тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10
сәуірдегі № 408 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiн (Салық кодексi) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерінiң тiзбесi бекітілсiн.
2. "Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 210-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкіметінiң
2002 жылғы 10 сәуірдегі
№ 408 қаулысымен
бекітілген
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi
төнген түрлерiнің тiзбесi
───┬──────────────────────────────────┬───┬────────────────────────────────
Р/с│ Жануарлардың түрлерi │Р/с│ Жануарлардың түрлерi
N │ │ N │