«Су көздерінің және шаруашылық - ауыз су құбырларының санитарлық қорғау
аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 63 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Су көздерінің және шаруашылық - ауыз су құбырларының санитарлық қорғау аумағын күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.