“Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және
қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және
шығару Ережелерін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік
сатып алу комитеті Төрағасының 2005 жылғы 22 ақпандағы № 32 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының 2006.24.03. № 90 бұйрығымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару Ережелері бекітілсін.
2. Ішкі бақылау материалдарын сараптау, құқықтық жұмысы және қызметкерлерді бақылау басқармасы (Е.Е. Жананов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және бұйрықты ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Төрағасының орынбасары Б.А. Әлімбековке артылсын.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданылуға енгізіледі.
Төраға | Ә. Нәлібаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қаржылық бақылау және мемлекеттік
сатып алу комитеті Төрағасының
2005 жылғы 22 ақпандағы № 32
бұйрығымен бекітілген
Қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарлар,
жұмыстар және қызметтерді сатып алуға міндетті субъектілерді
Мемлекеттік реестрге енгізу және шығару
Ережелері
1. Жалпы ережелер