"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2
005 жылғы 25 наурыздағы № 64-ө Өкімі
1. Қоса берiлiп отырған "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі және өзге де орталық мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн;
2) тиiсті ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 25 наурыздағы
№ 64-ө өкімімен
бекітілген
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң
тiзбесi
Ескертпе:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі