"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі
істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2001 ж. 20 маусымдағы № 486 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.02 ж. № 777; 28.01.03 ж. № 43;
29.09.03 ж. № 536 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес реттеу және ретке келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің төрағасы, Ішкіісминінің Департаменттері мен дербес басқармаларының, "Күзет" РМК, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстық және көліктегі ІІББ-ІІБ бастықтары осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жеке құрамы осы бұйрықпен таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасының ішкі істер Вице-министрі И.И. Оттоға жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
Ішкіісминінің
2001 жылғы 20 маусымында
№ 486 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер