Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің
“Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”
атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты Кәсіподақтар федерациясының
мәлімдемесі
Еліміздің еңбеккерлері, кәсіптік одақтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын кезеңдік саяси оқиға ретінде, ашық әңгіме және Қазақстанның көп ұлтты халқымен кеңесуі ретінде зор ықыласпен қабылдады.
Республика Президенті мәлімдеген экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы жаңа, маңызды қадамдар әрбір қазақстандық отбасын, әрбір еңбек адамын бей-жай қалдырмаса керек.
Әлеуметтік реформаларды тереңдетуге, әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа үш деңгейлі жүйесін іске асыруға бағытталған Жолдаудын он жеті тармағы мемлекетіміздің ел азаматтары үшін лайықты өмір қамтамасыз етуге, Қазақстанды әлеуметтік мемлекет жолы бойынша ілгерілетуге ұмтылысын білдіреді.