«Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ Бұйрығы (2010.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ Бұйрығы

(2010.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 176 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010.28.04. № 127-НҚ Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және 1-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.