Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын және Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 176 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 4-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Суды магистральдық труба құбырлары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3536 болып тіркелген);