Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару
Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2001 ж. 11 желтоқсандағы № 151 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 01.03.03 ж. № 35 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 31 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Заңнамасының талаптарына сай қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметін ұйымдастыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқаруды қоса беріліп отырған Нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің Төрағасына жүктелсін.
3. Осы Бұйрық 2002 жыл 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| Министр | И. Рогов |
"Келісілген" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрінің Бас Прокуроры 2001 жылғы 11 желтоқсандағы 19 желтоқсан 2001 ж. № 151 бұйрығымен бекітілген
Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен
байланысты емес жазалауды атқару туралы
Нұсқаулық
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқарудың тәртібі мен шарттары мәселелерi жөніндегі басқа құқық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
2. Сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды атқару соттың заңды күшiне енген үкіміне, қаулысына, ұйғарымына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар (бұдан әрі - сотталғандар) Қылмыстық, Қылмыстық-атқару заңдылықтары белгiленген шектеулерiмен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын иеленедi және мiндеттерiн атқарады.