«2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту»
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 Қаулысы
(2008.15.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамытудың" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - іс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) іс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын 25 шілдеге және 25 қаңтарға берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң
2005 жылғы 14 сәуірдегі
№ 352 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.03.10. № 989 (бұр.ред.қара); 2008.15.02. № 144 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
"2005 - 2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТIН ДАМЫТУДЫҢ"
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
IС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 44364,75 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджет барлығы 44064,75 млн.теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн.теңге.
Инвестициялар барлығы - 300.0 млн. теңге, оның ішiнде 2005 жылы - 150.0 млн. теңге; 2006 жылы - 150.0 млн. теңге.
"Kazsat" FA "Бәйтерек" ЗҒК ұшыруға және құруға байланысты қаржылық шығындар 38346.39 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 2004 жылы "Kazsat" ҒА құруға және ұшыруға 4000,0 млн. теңге бөлiнген (ic-шаралар жоспарының 1-тармағы).
Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржылық шығындар 5582,1 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1169,6 млн. теңге. Жұмыстардың көрсетілген түрлеріне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестициялар тарту жоспарланып отыр, оның iшiнде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.
Мамандар даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігiн арттыруға және басқа да білім беру жөніндегі іс-шараларға арналған қаржы қаражаты барлығы 455,3 млн. теңгенi, оның iшiнде - 258,8 млн. теңгенi осы бағдарламаның шеңберiнде бюджеттік бағдарламалар бойынша:
002 "Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер" (101 "Қолданбалы ғылыми зерттеулер" кiшi бағдарламасы) 150 млн. теңгенi, оның iшiнде 2005 жылы - 50 млн. теңгені, 2006 жылы - 50 млн. теңгенi, 2007 жылы - 50 млн. теңгенi құрайды;
023 "Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігiн арттыру және қайта даярлау" барлығы 123,8 млн. теңгенi, оның iшiнде 2005 жылы - 43,4 млн. теңгенi, 2006 жылы - 39,6 теңгенi, 2007 жылы - 40,8 млн. теңгенi құрайды.
025 "Білім беру жүйесiн әдiстемелiк қамтамасыз ету және білім беру қызметтерiнiң сапасын талдау" барлығы 12,0 млн. теңгенi, оның iшiнде 2005 жылы - 3,0 млн. теңгенi, 2006 жылы - 4,0 млн. теңгенi, 2007 жылы - 5,0 млн. теңгенi құрайды.
Бұдан басқа, осы мақсаттарға 85,0 млн. теңге және 84,5 млн. теңге көлемiнде қаржы қаражаты көзделген тиiсiнше бюджеттік бағдарламалар бойынша:
020 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білімдi мамандар даярлауға" (112 "Ресей Федерациясы және Шығыс Еуропа жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау" кiшi бағдарламасы) барлығы 85,0 млн. теңгенi, оның iшiнде 2005 жылы - 31,0 млн. теңгенi; 2006 жылы - 27,0 млн. теңгенi; 2007 жылы 27,0 млн. теңгенi құрайды;
006 "Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг жүйесiн техникалық сүйемелдеу" 2005 жылы 84,5 млн. теңгенi құрайды.