Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 100-НҚ Бұйрығы
(2009.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.26.02. № 67-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М. Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;