Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 67-НҚ Бұйрығы
(2012.27.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 11 тамызда № 2997 нөмірімен тіркелген, «Ресми газеттің» 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 (195) нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 304-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі «Табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистралдық труба құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа: