Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 28
қазандағы № 421 қаулысы
(ҚР Қаржы рыногын ж/е қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау ж/гі
агенттігінің 19.01.04 ж. № 7 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 26 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесi бекітілсiн және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату iсiн бақылау басқармасы (Бадырленова Ж.Р.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бірлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны және Қазақстан Республикасында банктердi ерiксiз тарату ережесін Банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату iсiн бақылау басқармасынан алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде банктердiң сот шешiмiмен ерiксiз таратылатын тарату комиссияларына жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары К.А.Колпаковқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
| Төрағасы |
|
|
|
|
|
| Г. Марченко |
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасында
банктердi ерiксiз тарату
ережесін бекіту туралы"
2001 жылғы 28 қазандағы
№ 421 қаулысымен
"БЕКIТIЛГЕН"