Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың резервтерiн пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1405 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 230 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1210 қаулысы.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің