(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 21.02.02 Ж. № 103 БҰЙРЫҒЫ

"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің,
нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен
бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі
жөніндегі" нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2002 ж. 21 ақпандағы № 103 бұйрығы

Осы редакция  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулық бекітілсін.

2. Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ІІББ-ІІБ-нің бастықтары:

1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін;

2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И. Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы комитетіне (Н.Т. Мырзабеков) жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрінің

2002 жылғы 21 ақпандағы

№ 103 бұйрығымен

бекітілген

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.