«Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 229 Бұйрығы (күші жойылды)

«Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы
11 сәуірдегі № 229 Бұйрығы

 

ҚР  Білім және ғылым министрінің 2007 ж. 3 желтоқсандағы № 602 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.

2. "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1474 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2001 жылғы № 22 санында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 200, 2003 жылғы 13 ақпандағы № 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен бірге жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінің 5-тарауы алынып тасталсын.

3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р. Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2005 жылғы 11 сәуірдегі

№ 229 бұйрығымен бекітілген

 

Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі

 

1. Осы Ереже кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).

2. Экстернат білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады.

3. Экстернат нысанында оқуға мынадай:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.