Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 5 мамырдағы
№ 431 қаулысымен
бекiтілген
Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және төтенше экологиялық жағдайды (бұдан әрi - ТЭЖ) жариялаудың тәртiбін және оны айқындау өлшемдерiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен айқындамалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамада қабылданған терминдер мен айқындамаларға сәйкес келедi.
3. ТЭЖ төтенше экологиялық жағдай мәртебесiн беру көзделетiн аумақтың шекараларын белгілеу мақсатында жарияланады.
4. ТЭЖ жариялаудың негiзгi мiндеттерi:
қандай да бiр жұтау дәрежесiне ұшыраған аумақтың шекараларын айқындау;
ТЭЖ-дiң туындау себептерiн анықтау;
аумақтың экологиялық жай-күйiн айқындау;
ТЭЖ-дiң шығынын, ұлғаю және қайталану мүмкiндiктерiн бағалау;
оны жою жөніндегі қажетті шараларды айқындау;
ТЭЖ-дi жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды бағалау;
ТЭЖ-дiң туындауына себепші болған факторларды бейтараптандыру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
2. ТЭЖ жариялау
5. ТЭЖ болжанатын экологиялық қолайсыз аумақта бұрын жүргiзiлген зерттеулер бойынша қажетті материалдарды қалыптастыру мақсатында жұмыс тобы құрылады.
6. Жұмыс тобын құруға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бастамашылық жасайды. Жұмыс тобының құрамына:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның;
білім және ғылым саласындағы уәкілеттi органның;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның;
индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның;
энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның;
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның;
төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның;
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органның;
қаралатын өңiрдiң жергілiкті атқарушы органының;
үкiметтік емес қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықтың;
басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мекемелердiң өкілдерi кiредi.
7. Жұмыс тобы бұрын жүргiзілген зерттеулер бойынша қолда бар материалдарды қалыптастырады.
8. Жұмыс тобының дайындаған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледi.
9. Жұмыс тобы ұсынған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мемлекеттік экологиялық сараптамаға жiбередi.
10. Мемлекеттік экологиялық сараптама ТЭЖ-дi жариялауға негiздеменi басшылыққа ала отырып, экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi тану немесе танымау туралы көрсетілетін қорытындыны дайындайды.
11. Экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi таныған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы аумақта ТЭЖ жариялайды.
12. Төтенше экологиялық жағдайды жариялауға негiздеме:
1) төтенше жағдайлардың шекараларын айқындау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүргiзіледi;
2) халық денсаулығының жай-күйi қоршаған ортаның: осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес атмосфералық ауаның, судың және топырақтың ластануы көрсеткіштерiнiң жиынтығымен бағаланады;
3) атмосфералық ауаның ластануы дәрежесiн бағалау орта тәулiктiк шоғырланулар бойынша жүзеге асырылады. Әрбiр орта тәулiктiк шоғырлану үшiн осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шектi жол берілетiн шоғырланудан өсу еселiгi айқындалады.
Атмосфералық ауаның жиынтық орташа жылдық ластану дәрежесiн кешендi көрсеткiштерi бойынша бағалау осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес жүргiзіледi.
Бұл ретте егер кешендi көрсеткіште заттардың кез келгенi бiр затқа арналған көрсеткiш шамасынан асатын мәнге ие болса, онда бұл жағдайда ластану дәрежесiн бағалау осы зат бойынша да жүзеге асырылады;
4) Ауыз су және рекреациялық мақсаттағы су көздерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi мен ауыз суының қауiпсiздiгi осы Ережеге 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер бойынша бағаланады;
5) қоныстану аумақтары топырақтарының радиоакитивтi ластануын экологиялық бағалау осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес негiзгi көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
6) радиациялық қауіпсiздiкті бағалау осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер бойынша жүргiзіледi;
7) ауа кеңiстiгiнiң ластануын бағалау осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
8) Қалыптасып қойған төтенше экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарын анықтау осы Ережеге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес химиялық және экологиялық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады;
9) су ресурстарының сарқылу дәрежесiн бағалау осы Ережеге 13 қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
10) теңiз суларының ластану дәрежесiн бағалау осы Ережеге 14 және 15-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
11) шаруашылық объектілерiнiң әсер ету аймақтарының учаскесіндегі жер асты суларының ластануын бағалау осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес негiзгi және қосымша көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
12) топырақтың экологиялық жай-күйiн бағалау осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер және осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес қосымша көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
13) геологиялық ортаның геодинамикалық деформациясын бағалау осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
14) экожүйенiң жұтаңдану және табиғи экожүйе жағдайындағы құрылымдық-функционалдық өзгеру дәрежесiн бағалау осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi;
15) өсiмдiктер әлемiнiң жай-күйiн бағалау осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
16) жануарлар дүниесінің жай-күйiн бағалау осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес жүргізіледi;
17) аумақтардың биохимиялық жай-күйiн бағалау осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 1-қосымша
Төтенше экологиялық жағдайдың шекаралары
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 2-қосымша
Аумақтың экологиялық жай-күйiн бағалау кезiнде
қолданылатын халық денсаулығының жай-күйiн бағалауға
жариялаған медициналық-демографиялық көрсеткiштер
1 1, 2-тармақтарға: қалалық және ауылдық тұрғындар үшiн
жекелеп алғанда 5 жылғы деректер бойынша 30 мың адамнан кем емес
және 3 жылға 50 мың адамнан кем емес халқы бар аумақтардағы
(фондық) бақылаулықпен салыстырғанда орташа мәннің артуы.
2 1, 2-тармақтарға: нәрестелер өлiмiнiң әдеттi құрылымының
өзгеруi де ескеріледi.
3 негiзгi көрсеткiштердiң 1-тармағына: өлi туылған және
туылғаннан кейiн бiрiншi аптада шетiнегендер санының туылғандардың
(тiрi және өлi) жалпы, санына мыңға көбейтiлген қатынасы.
4 қосымша көрсеткiштердiң 5-тармағына: балалардың физикалық
дамуын бағалауды когорттық және орталық әдiстердi пайдалана отырып
жүргiзу ұсынылады.
5 6-тармаққа: бұл көрсеткiштi пайдалану кезiнде әсер етiп
тұрған зиянды этитропты фактордың сипаттамасы және сырқаттану
оқиғаларының таралу үрдiсi ескеріледi. Бұл ретте тұрмыстық улану
және басқа да жазатайым жағдайлар ескерiлмейдi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 3-қосымша
Атмосфералық ауаның орташа тәулiктiк
шоғырлану бойынша ластану дәрежесiн
бағалауға арналған көрсеткiштер
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 4-қосымша
Атмосфералық ауаның кешендік көрсеткiш
бойынша орташа жылдық ластануын бағалау
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 5-қосымша
Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың ауыз
суымен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық
жағдайды бағалауға арналған көрсеткiштер
1 Бiр жыл iшiнде зерттелетiн сынамалардың саны 100 ден кем
болмаған кезде, 12 ай iшiнде сыртқы және iшкi су өткiзгiш желілердiң
су айырық нүктелерiне алынатын сынамалардың 95%-да жалпы колиформды
бактериялар бойынша норматив шегiнен шығуға жол берілмейді.
2 Жылуға төзiмдi колиформды бактерияларды айқындау кезiнде
iрiктелген сынаманы 100 мл-ден 3 мәрте зерттеу жүргiзіледi.
3 Сульфитредуциялайтын клостридтер спораларын айқындау су
өңдеу технологиясының тиімдiлігін бағалау кезiнде жүргiзіледi.
4 Лямблялардың цисттiн айқындау жер бетi су көздерiнен сумен
жабдықтау құрылыстары суының сынамаларында суды бөлу желiсiне
берердiң алдында ғана жүргізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 6-қосымша
Ауыз судың және ауыз сумен жабдықтау
көздерiнiң химиялық заттармен ластануының
санитарлық-эпидемиологиялық қауiптілiгiн
бағалауға арналған көрсеткiштер1
1 Ауыз сулық мақсаттағы су көздерi ластануының қауiптілiк
дәрежесi заттардың шектi шоғырлануының су бөгендерінің санитарлық
режимiне әсерi және су тазартудың пайдаланылып отырған
технологиялық схемасының кедергiлiк қабiлетi ескерiле отырып
бағаланады.
2 Диоксиндер үшiн жол берiлетiн деңгей 0,02 нг/л-дi құрайды.
Түсініктеме: 7-қосымшада көрсетiлмеген заттармен ластану
қауiптілiгiн бағалау, 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506
"Орталықтандырылған жер бетi суын ластанудан қорғау жөніндегі
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға" сәйкес жүргiзiледi.
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 7-қосымша
Ауыз сулық мақсаттағы су көздерiнiң паразиттiк
ауруларды қоздырғыштармен ластанған судың сапасымен
байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды
бағалауға арналған көрсеткiштер
1 1 дм3 судағы қоздырғыштардың саны (цисттер, жұмыртқалар).
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 8-қосымша
Жергілікті жерлер топырақтарының
санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн
бағалауға арналған көрсеткiштер
1 "Хлебниковтың санитарлық саны" - топырақтағы белоктық азот
мөлшерінің (мүлдем құрғақ топырақтың 100 грамына милиграммен)
органикалық азоттың мөлшерiне (мүлдем құрғақ топырақтың 100 грамына
миллиграммен).
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 9-қосымша
Радиациялық қауiпсiздiктi бағалауға
арналған көрсеткiштер
Төтенше экологиялық жағдайды
жариялау ережесіне 10-қосымша
Атмосфералық ауаның ластануын жер бетіндегі
өсiмдiктер мен су экожүйелерiне әсерiн тигiзетiн
заттар бойынша бағалау көрсеткiштерi
Төтенше экологиялық жағдайды