«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 443 Қаулысы

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758
қаулысына  өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 мамырдағы № 443 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Мүгедектерді оңалтудың 2002 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 592-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мүгедектердi оңалтудың 2002 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

1) "Мүгедектердi оңалтудың 2002 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты" деген 1-бөлiмде:

"Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген жолдағы екінші абзацта:

"5,26 млрд. теңге" деген сөздер "6,1 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

"2,8 млрд. теңге" деген сөздер "2,0 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

"2,46 млрд. теңге" деген сөздер "4,1 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Бағдарламаны iске асыруды қаржылық қамтамасыз ету" деген 6-бөлiмдегi екiншi абзацта:

"5,26 млрд. теңге" деген сөздер "6,1 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

"2,8 млрд. теңге" деген сөздер "2,0 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

"2,46 млрд. теңге" деген сөздер "4,1 млрд. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

үшiншi абзацта:

"700 млн. теңгені" деген сөздер "500,0 млн. теңгенi" деген сөздермен ауыстырылсын;

"944,7 млн. теңгені" деген сөздер "115,9 млн. теңгенi" деген сөздермен ауыстырылсын;

төртiншi абзацта:

"379,0 млн. теңгенi" деген сөздер "2087,1 млн. теңгенi" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) "Мүгедектердi оңалтудың 2002 - 2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiм осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

                                             Қазақстан Республикасы Үкiметінің

                                             2005 жылғы 10 мамырдағы

                                                 № 443 қаулысына

                                                     Қосымша

 

8. Мүгедектердi оңалтудың 2002 - 2005 жылдарға

арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі

iс-шаралар жоспары

 

 

Шығындардың жиыны:

жергілікті бюджеттен - 4,1 млрд. теңге, соның ішiнде: 2002 ж.- 250,5 млн. теңге; 2003 ж.- 898,0 млн. теңге; 2004 ж.- 937,4 млн. теңге; 2005 ж.- 2087,1 млн. теңге.

Республикалық бюджеттен: - 2,0 млрд. теңге, соның iшiнде: 2002 ж.- 355,0 млн. теңге; 2003 ж.- 512,2 млн. теңге; 2004 ж.- 984,4 млн. теңге; 2005 ж.- 115,9 млн. теңге.

Шығындардың барлығы: 6,1 млрд. теңге, соның iшiнде: 2002 ж.- 605,5 млн.теңге; 2003 ж.- 1410,2 млн теңге.; 2004 ж.- 1921,8 млн.теңге; 2005 ж.- 2203,0 млн. теңге.