Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2008.11.03. берілген өзгерістерімен )
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшiлердiң лауазымдарының тiзiлiмi мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптiк жазалар қолдану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарының тізілімінде:
"Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары - басқарма бастықтары" деген жолдағы "- басқарма бастықтары" деген сөздер алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің жетекшiлерi" деген жолдар ", олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
2) ҚР Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына:
аталған Жарлыққа 1-қосымшадағы: