Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.02.02. № 89 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің