Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен
ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет
Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 135 Бұйрығы
(2007.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.23.04. № 39 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ұсынылған Ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Төраға орынбасары Момышев Талғат Амангелдіұлына жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.