Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2001 ж. 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 20.11.02 ж. № 167; 27.05.04 ж. № 154; 08.06.04 ж.
№ 173; 24.08.04 ж. № 240 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 12 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетіне жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
Министр