«Маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 Қаулысы (2005.03.10. берілген толықтырулармен)

“Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 Қаулысы

(2005.03.10. берілген толықтырулармен)

 

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру бойынша 2005 жылға 1996946000 (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан алты миллион тоғыз жүз қырық алты мың) теңге сомасына сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қосымшаға сәйкес жұмыстарды берушілер болып белгіленсiн.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жасалуын;

2) жұмыстарды мемлекеттік сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатының сақталуын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 3 маусымдағы

№ 558 қаулысына

Қосымша

 

ҚР Үкіметінің 2005.03.10. № 989 қаулысымен қосымша толықтырылды

 

Жұмыстарды берушiлер