(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың Типтiк
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23
шілдедегі № 645 бұйрығы

 

Осы редакция  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  2005 жылғы 13 мамырдағы № 299 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса берiлген аспирантура мен докторантураға қабылдаудың Типтiк ережесi бекітілсiн.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi білім департаментi (Әбдiрәсiлов Б.С.) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуден өткізуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастан күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г.H. Гамарникке жүктелсiн.

 

Министр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж. Құлекеев

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінiң

№ 645 23 шілде 2004 ж.

"Аспирантураға, докторантураға

қабылдаудың типтiк ережесi"

бұйрығымен бекітілген

Аспирантураға, докторантураға

қабылдаудың типтiк ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Аспирантураға, докторантураға қабылдаудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Білім туралы", "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген.

2. Ереже Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдарының аспирантурасы мен докторантурасына тұлғаларды қабылдаудың тәртібін анықтайды.

3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының аспиранттары мен докторанттары контингентiн қалыптастыру ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру, заңды және жеке тұлғалардың қаражаты есебiнен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

4. Шетел азаматы болып табылатын қазақ ұлты тұлғаларының жоғары оқу орнынан кейінгi білім алуғa Қазақстан Республикасының азаматтарымен құқықтары бірдей.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.