“Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 318 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 75 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-р "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" өкімін орындау үшін және Қазақстан Республикасының "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Заңының талаптарына, қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті мен оның аумақтық органдары Ереженің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Н.Қ.Бижановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Көпеев М.Ж. |
Төтенше жағдайлар министрінің
2005 жылғы 12 сәуірдегі
№ 318 бұйрығымен бекітілген
Қауіпті өндірістік объектілердің лауазымды адамдары мен
қызметшілерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды
ұйымдастыру ережесі