«Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 232 Бұйрығы (күші жойылды)

“Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық
комиссиялар туралы ережені бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы
11 сәуірдегі № 232 Бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 134 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.

2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С. Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. Осы бұйрық бірінші ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2915 тіркелген, "Өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 9 шілдедегі № 532 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н. Гамарникке жүктелсін.

 

Министр

Б. Әйтімова

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2005 жылғы 11 сәуірдегі

№ 232 бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім

беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды

ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік

және апелляциялық комиссиялар туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.