«1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 312 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 477 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «1997 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендиялар және оларды төлеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының 1997 жылғы 26 мамырдағы № 118 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылым мен техниканы дамытуға аса зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға және дарынды жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендиялар төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықта (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2171 тіркелген):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік ғылыми стипендиялар стипендиаттарға белгіленген мерзімдерде карт-есепшотына немесе дербес есепшотына аудару жолымен төленеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны төлеуді тиісті ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің ұсынымы негізінде стипендиаттың өткен жылғы жүргізілген жұмыстары туралы есебін тыңдап, бірінші жылы өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тоқтатуы мүмкін.»;
5-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кезекті» деген сөз «келесі» деген сөзбен ауыстырылсын;