“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы
№ 84 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 606 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 4, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жеке өндiрiстiк қажеттілiк үшiн әкелiнетін төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде:
1) құжаттар, оның iшiнде әкелiнетін төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектерінің арналғандығын растайтын шет тілдерде жасалған құжаттар (техникалық паспорттар, сызбалар, фотосуреттер, коммерциялық құжаттар);
2) әкелінетiн төлем карточкаларымен қызмет етуге арналған жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудiң және оның қосалқы бөлшектеуiнiң мақсатты пайдаланылу туралы осы Ережеге 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша толтырылатын мiндеттеме ұсынылады.";
"әкелген негізгi құралдар" деген сөздер "әкелген мүлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздерден кейiн "не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг берушi мен Қазақстан Республикасының резидентi қосалқы лизинг берушi арасында жасалған халықаралық лизинг шартының көшiрмесi және Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған лизинг шартының көшiрмесi не Қазақстан Республикасының резиденті емес лизинг беруші, Қазақстан Республикасының резиденттерi қосалқы лизинг берушi мен қосалқы лизинг алушы арасында жасалған үш жақты шарттың көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "қаржы лизингiнiң шартына сiлтемесi бар" деген сөздерден кейiн "лизинг мәнiн беруге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "лизинг берушi" деген сөздерден кейiн "(халықаралық лизинг кезiнде қосалқы лизинг беруші)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 4-қосымшада:
тақырыптағы және ескертудегi "негiзгi құралдарды" деген сөздер "мүлiкті" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтiндегi "негiзгi құралдар" деген сөздер "мүлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының