Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 681 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 617 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Озон қабатын бұзатын заттар бойынша 1987 жылғы 16 қыркүйектегi Монреаль хаттамасын орындау үшiн және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендiк режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:
мынадай мазмұндағы «3-1, 3-2» тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Озонды бұзатын заттар