Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ
жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысы
(2009.17.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар;
2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi (3-қосымша);
7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер;
8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 717 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Кедендiк аумақта тауарларды қайта өңдеудiң, көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалданатын тауарлардың экспорты мен кейiннен темір жол көлігіне тиелетiн, су көлiгiмен тасымалданатын тауарлардың керi экспортын қоспағанда, тауарлардың керi экспортының кедендiк режимдерiне сәйкес қосымшаларға сай Қазақстан Республикасы өндiретiн ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы