«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 155 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 155 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 272 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбелерін, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 29, 284-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларда:

1-тармақтың ескертпесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі үшін шетел компаниялары қазақстандық кәсіпорындармен бірлесіп жасайтын тауарларды «еркін қойма» кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.