Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының деректер банкі туралы Келісім (Ташкент қаласы, 2004 ж. 17 маусым)

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының деректер банкi туралы
Келісім
(Ташкент қаласы, 2004 ж. 17 маусым)

 

2006 жылғы 22 мамырдағы № 142-III ҚР Заңымен ратификацияланды

2007 жылғы 11 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына қатысушы болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер,

2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң арасындағы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым туралы келісімдi басшылыққа ала отырып,

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының (бұдан әрi - Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылым) тиiмдi қызметiне тиiстi жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:

 

 

1-бап

 

1. Тараптар Тараптардың арнайы уәкiлеттi органдардың ақпараттық өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету және оның деңгейiн арттыру, сондай-ақ Тараптарды Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетiнде (бұдан әрi - Атқарушы комитет) Өңiрлiк терроризмге қарсы құрылымның деректер банкiн (бұдан әрi - деректер банкi) құрады және онда бар ақпараттарды пайдаланады.

2. Деректер банкi есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, автоматтандырылған ақпараттар жүйесiнiң негізiнде, сондай-ақ құжаттамалық материалдарды қатты (қағаз) және өзге де тасушыларда жинақтау жолымен жұмыс істейдi.

 

 

2-бап

 

1. Тараптар деректер банкінің жұмыс iстеуiне қатысты мәселелер жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi органдарды айқындайды, бұл туралы осы Келісімнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдер орындалғаннан кейiн Атқарушы комитеттi 60 күннiң iшiнде жазбаша нысанда хабардар етедi.

2. Арнайы уәкiлеттi орган ауыстырылған жағдайда, бұл туралы жазбаша нысандағы хабарлама 10 күн мерзiмде Атқарушы комитетке жiберiледi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.