“Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есебін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2005 жылғы 20 мамырдағы № 161-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 124-Ө Бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006.01.03. № 72-ө бұйрығымен қолданысы 2007.01.01. дейін тоқтатылды
«Салық және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдарды қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есептерімен қамтамасыз ету үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкаларының есебі (бұдан әрі - Ставкалар есебі) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрі 1994 жылғы 9 тамызда бекiткен Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдерді анықтау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік реестрінде № 142 тіркелген), және Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрі 1996 жылғы 15 мамырда бекiткен Қозғалыстағы көздермен атмосфералық ауаны ластағаны үшін төлемдерді анықтау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік реестрінде № 253 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.