Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық авиацияны одан әрi дамыту, әуе көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және транзиттік ағынды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жарты жылдық қорытындылары бойынша қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берiп отырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының